Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Люксембург ынтымақтастықты нығайту үшін нығайтуда берік негіз құра білді

Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі елеулі оқиға – дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Маусым , 12:57

«Ширек ғасыр ішінде екі ел достық пен ынтымақтастық аясында қарым-қатынастардың барлық бағыты бойынша өзара іс-қимылды дамыту мен нығайтуда берік негіз құра білді», - делінген  хабарламада.

Люксембург Премьер-министрі К.Беттельдің 2015 жылғы мамырда VIII Астана экономикалық форумына қатысуы шеңберінде Қазақстанға жасаған ресми сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қосымша импульс берді. Сапардың шеңберінде ҚР мен ЛҰГ арасында Әуе қатынастары туралы үкіметаралық келісім мен ҚР Ұлттық Банкі мен Люксембургтің Қаржы технологияларының трансферті агенттігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумына қол қойылды.

Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі қазіргі заманғы әлемнің өзекті мәселелерімен бірегей ұстанымдарға ие. Мемлекеттер БҰҰ, ЕҚЫҮ және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта.

Сауда-экономикалық қатынастардың дамуында оң серпіліс байқалуда. Ғарыш, қаржы және жаңа технологиялар салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективті болуы мүмкін.

«ЛҰГ-тің «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы және Люксембургтің Премьер-министрі К.Беттельдің 2017 жылғы 9-10 маусымдағы жұмыс сапары шеңберінде Астанада Құрметті консулдықтың ашылуы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдық мәресіндегі ерекше оқиға болып, тараптардың ынтымақтастықты арттыруға талпынысын көрсетті. Аталған сапар аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жаңа жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.Қазақстан Люксембургпен стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға және дамытуға бағытталған сыртқы саяси бағытты одан әрі жүргізуге ниетті», - делінген  хабарламада.

 




Яндекс.Метрика