Парламент

Парламент Сенатының депутаттарын сайлау қорытындылары шығарылды

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарды.
Астана қаласы 29 Маусым, 11:26

Орталық сайлау комиссиясы хабарлағандай,  Сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына, ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді.

Әр облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір депутаттан барлығы 16 депутат сайланды.Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының сайлау бойынша дауыстарды санаудың қорытынды хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының 14 облысында, Астана және Алматы қалаларында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті деп хабарлайды.

Сайлау науқаны барысында барлығы 89 үміткер ұсынылды. 38 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.  Сайлауға 3242 таңдаушы қатысты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау барысында 518 халықаралық және отандық байқаушы, 244 қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілі қатысты.

Сайланған депуттардың 7-н  мәслихаттар ұсынса, 9 өзін-өзі ұсынғандар. ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың орташа жасы –56,7 жас.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша сайланғандар:

Ақмола облысынан - Әділбеков Дәурен Зекенұлы;

Ақтөбе облысынан - Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы;

Алматы облысынан - Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы;

Атырау облысынан - Дүйсембаев Ғұмар Ислямұлы;

Батыс Қазақстан облысынан - Төреғалиев Нариман;

Жамбыл облысынан - Нұрәлиев Әбдәлі Тоқбергенұлы;

Қарағанды облысынан - Әбдікеров Рысқали;

Қостанай облысынан - Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы;

Қызылорда облысынан - Бақтиярұлы Мұрат;

Маңғыстау облысынан - Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлы;

Оңтүстік Қазақстан облысынан - Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы;

Павлодар облысынан - Нұрсипатов Нұржан Нұрланбекұлы;

Солтүстік Қазақстан облысынан - Сұлтанов Ерік Хамзаұлы;

Шығыс Қазақстан облысынан - Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлы;

Астана қаласынан - Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы;

Алматы қаласынан - Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы.

«Сайлау комиссиялары қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды  сайлау заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып,  жүргізді», - деп хабарлады  ОСК.

 





Яндекс.Метрика