Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау

Қарағанды мен Атырауда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылды

Кеше, 26 желтоқсанда Қарағанды мен Атырауда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өңірлік бөлімшелері жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылды, деп хабарлайды «Даму» КҚҚ баспасөз қызметі.
Казахстан27 Желтоксан , 11:32

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлер «бір терезе» режимінде қызметтің кешенді түріне қол жеткізе алады. Онда мемлекеттік қолдауға ие болу механизмі, кәсіпкерлікке қатысты барлық сұрақтарға жауап беру мен кәсіперлік негіздері бойынша тегін оқыту шаралары қамтылған.

«Қазіргі таңда КҚКО-да шамамен 9 мың кәсіпкер 22 мың ақысыз қызметке қол жеткізді. Еліміздің КО-қа мүше болғанына көп болмады, енді ДСҰ-ны бағындыру керек. Бұның барлығы отандық кәсіпкерлікті үлкен бәсекелестікке төтеп бере алатынына дәлел. Осыған орай тауар өндірісі, қызмет көрсетуде кәсіпкерлер уақыт үнемдеуі және жедел қимылдаулары керек», - дейді қор төрағасы Ләззат Ибрагимова.  

Айта кету керек, «Даму» қорында бірнеше жылдан бері «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы жұмыс істеуде.




Яндекс.Метрика