ҚР Президентінің Жолдауы

Сарысу ауданында өнеркәсіп саласында өндiрiлген өнiм көлемi 7 млрд. теңгені құраған

Сарысу ауданында өнеркәсіп саласында өндiрiлген өнiм көлемi 7 млрд. 754,2 млн. теңгені құраған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы айтып өтті.
Жамбыл29 Маусым , 10:46

Сарысу ауданы әкімінің орынбасарының сөзіне сүйенсек, осы жылдың 5 айында барлық деңгейдегi бюджет жүйесiне 1 млрд. 330,2 млн. теңгенiң салықтары мен төлемдерi аударылды, бұл өткен жылдың деңгейінен 57,0 пайызға артық.

«Аудандық бюджетке 437,8 млн. теңге салық түсімдері түсіп, 2016 жылмен салыстырғанда 38,6 пайызға артқан», - деді ол.

Аудандағы ірі кәсіпорындар «ЕвроХим» ЖШС-гі  2016 жылы 5 айда жалпы бюджетке 169,3 млн. теңге салық түсімдерін түсірсе, 2017 жылы 5 айда 220,7 млн. теңге салық түсірген, яғни 51,3 млн. теңгеге, оның ішінде аудандық бюджетке (2016 ж. - 45,8 млн. тг., 2017 ж. - 69,2 млн. тг.) 23,4 млн. теңге артығымен түскен, ал «Каратау» Тау-кен өңдеу кешені де өткен жылмен салыстырғанда 6,0 млн. теңге артығымен салық түсірген, жалпы салық пен төлемдер түсіру жұмыстары ауданда бір жүйеге түскен деп айтуға болады.

Аудандық бюджеттің шығыстар бөлігінің орындалуы 99,3 пайызды құрады (облыс бойынша 2 орын).Өнеркәсіп саласында өндiрiлген өнiм көлемi осы жылдың қаңтар - мамыр айларында 7 млрд. 754,2 млн. теңгені құрады. Ол өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5 пайызға артық.Өсім кәсіпорындардың қалыпты жұмыс жасауының есебінен қамтамасыз етілді.

Жалпы өнеркәсіп өнімдерінің 97,0 пайызы тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазу саласында атқарылған («Қаратау»Тау-кен өңдеу кешені  101,4 мың тн., «ЕвроХим-Тыңайтқыш» - 219,0 мың тн., «ЕвроХим-Қаратау»- 69,9 мың тн.).




Яндекс.Метрика