Рухани жаңғыру

Елбасы кітапханасының сирек кездесетін басылымдары онлайн-режимде қол жетімді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының сирек кездесетін басылымдары онлайн-режимде қол жетімді. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қаипова хабарлады.
Астана қаласы29 Маусым , 09:57

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  кітапханасының жеке мұрағатындағы 140 мың мұрағаттық құжаттан тұратын топтаманың ішінде 18 ғасырда шыққан сирек кездесетін басылымдар топтамасы аса құнды. Бұл аса құнды топтаманы сақтау үшін арнайы жағдайлар жасалған.

Осы ретте, спикер басылымды цифрлық нысанға көшірудің маңыздылығына тоқталды.

«Бұл әлемдік президенттік кітапханалар  мен мұрағаттардың, қордың тәжірибесінің дәстүріне сәйкес жүргізіледі. Яғни, бұл басылымдар тек профессорлық ұстаздық құрам мен сарапшылар үшін емес, сонымен қатар осы салаға қызығушылық танытатын жәй оқырмандар үшін қолжетімді болуы үшін жасалуда», - деді Ботагөз Қаипова.

Кітапханада Құран Кәрімнің бірегей үлгілері,  Қазақстан мен Ресей империясының тарихы көрініс тапқан Түркістан уалаятының үлгілері топтастырылған. 




Яндекс.Метрика