Халықаралық интеграция

Қ.Әбдірахманов Катармен ынтымақтастықтың едәуір әлеуетін атап өтті

Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Катардың сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік министрі Султан бен Саад Аль-Мурейхимен кездесу барысында Қазақстан-Катар ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен болашағын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелерін талқылады.
Астана қаласы 29 Маусым, 08:41

ҚР СІМ хабарлағандай, тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісушіліктердің сәтті іске асырылу барысын атап өтті. 

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЭКСПО-2017 көрмесінде Катар павильонын ұйымдастырудың маңыздылығын айтты. Қ. Әбдірахманов ынтымақтастық үшін едәуір әлеуетке назар аударып, Катар мемлекеті басшылығының 2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Астанада өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ислам ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысатынына сенім білдірді. 

Өз кезегінде, С. Аль-Мурейхи Катар Қазақстанға достық ел ретінде қарайтынын және өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша екіжақты қарым-қатынастарды тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді. 

Сондай-ақ, Қ.Әбдірахманов бірқатар араб елдері мен Катар арасындағы қарым-қатынастардағы саяси дағдарыстың дамуына алаңдаушылық білдірді.  

«Біз дау тараптары келіспеушіліктерді жеңіп, диалог арқылы жағдайды реттей алатынына сенімдіміз», - деді сыртқы саяси ведомство басшысы. 





Яндекс.Метрика