Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Эритреяның Сыртқы істер министрлері ынтымақтастық мәселелерін талқылады (ФОТО)

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Эритрея Мемлекетінің сыртқы істер министрі Осман Салех Мұхаммедпен кездесті.
Астана қаласы 29 Маусым, 09:16

СІМ хабарлағандай, бұл  Эритрея елінің үкіметтік деңгейдегі  өкілінің алғаш рет Қазақстанға келуі.

Эритрея СІМ басшысы бұл сапары екі ел ынтымақтастығының алғашқы қадамы болатынына сенім білдірді. Ол Эритрея Президенті Исайаса Афеворкидің  жазбаша үндеуін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тапсыруын ұсынды. Құжатта  эритериялық тарап  елдер арасындағы байланыстың артуына  қызығушылық танытып отыр.

Сондай-ақ,  тараптар  екіжақты саяси  ынтымақтастықтың  даму мәселесін талқылады.

Келіссөздер аясында Қазақстан мен Эритреяның Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында өзара байланыс мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

 

 

 





Яндекс.Метрика