Мәдениетті жаңғырту

«Үркер-2017»: Ұлттық сыйлықтың жеңімпаздары анықталды

Астанада баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімінде жеңіске жеткен журналистердің есімдері белгілі болды.
Астана қаласы 28 Маусым, 22:01

 «Үздік фотосурет» номинациясында Ерлан Омаров;

«Үздік сараптамалық материал» номинациясында «Казахстанская правда» республикалық газетінің журналисі Фиронова Валентина;

«Үздік радиобағдарлама» номинациясында Шалқар радиосының «Ән домбыра» бағдарламасы;

«Үздік репортаж» номинациясында Олжас Беркінбаев;

«Үздік аймақтық радиостанция» номинациясында «Астана» радиосы;

«Үздік салалық баспасөз басылымы» номинациясында «Дружные ребята» газеті;

«Үздік жыл журналы» номинациясында «National Geografic Қазақстан» журналы;

«Журналистикадағы дебют» номинациясында «7kun.kz» сайтының журналисі Мөлдір Иманмәди;

«Үздік журналистік зерттеу» номинациясында «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Жанболат Аупбаев;

«Үздік интервью» номинациясында «Капитал» республикалық газетінің тілшісі Виктория Говоркова;

«Үздік аймақтық баспасөз басылымы» номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті «Рейтинг» газеті;

«Қазақстан туралы үздік танымдық материал» номинациясында «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі Думан Анаш;

«Үздік халықаралық сараптамалық материал» номинациясында «vlast.kz» сайтының журналисі Зарина Ахматова, «Афганистан близко» атты мақаласы үшін;

«Қазнеттегі медиасерпіліс» номинациясында «Massaget.kz» жастар сайты;

Сонымен қатар осы аталымда «Informburo» ақпарат агенттігі арнайы сыйлыққа ие болды.

«Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациясында «Айқын» республикалық газеті жеңіске жетті.

Аталмыш жеңімпаздар 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болады.

Айта кетейік, алғаш рет қаламы қарымды журналистерге арналған ұлттық сыйлықты беру рәсімін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазконтент» АҚ ұйымдастырды. Ұлттық сыйлықтың жүлде қоры – 15 млн теңге.Байқауға 860-қа жуық БАҚ өкілі қатысуға ниет танытқан. Қазылар алқасы солардың арасынан ең үздік дегендерін іріктеп алды.

Фото: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика