Мәдениетті жаңғырту

"Үркер-2017": Номинанттар нәтижелердің жариялануын күтуде (ФОТО)

Астанада баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы "Үркер-2017" ұлттық сыйлығын табыс ету рәсімі өтуде.
Астана қаласы 28 Маусым, 20:03

Сыйлық 15 номинация бойынша беріледі. 2017 жылғы 7 мамыр - 10 маусым аралығында өткен байқауға қатысуға 860-қа жуық өтініш берілген. Сыйлық қоры 15 млн теңгені құрайды. Бұл әрбір жеңімпаз бір миллион теңгеден алады деген сөз. 

Еске сала кетейік, «Үркер-2017» ұлттық сыйлығын тағайындаушы - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен "Қазконтент" АҚ. 

Өтінімдер 2017 жылғы 7 мамыр - 10 маусым аралығында urker-2017.el.kz сайтында қабылданған болатын. Сыйлық лауреаты атағына үміткерлерді іріктеудегі барлық материалдарды құрамына еліміздің белгілі қоғам қайраткерлері мен өз ісінің мамандары кірген сарапшылар алқасы қараған еді. Авторлар мен шығармашылық ұжымдардан басылымдардың ең көп саны "Үздік сұхбат", "Үздік фотосурет", "Үздік репортаж" номинациялары бойынша берілген. 

Фото Бауыржан Жуасбаев





Яндекс.Метрика