EXPO-2017

Сербия павильоны келушілерге болашаққа көз салуға мүмкіндік береді

Сербия павильоны келушілерге болашаққа көз салуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Сербия Республикасының ұлттық күнін атап өту барысында Сербияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Владимир Матич мәлім етті.
Астана қаласы28 Маусым , 20:24

Оның айтуынша, Сербия Республикасының ұлттық павильоны төрт табиғи элементтің барлық мүмкіндіктерін көрсетеді. 

«Сербия технологиялық инновациялар, атап айтқанда, болашақ энергетика саласындағы инновациялар орны, бұл биыл ЭКСПО көрмесінің негізгі тақырыбы болып табылады. Сербияның ұлттық павильонының авторлары біздің елімізде болашақтың қандай болатынына көз салуға мүмкіндік беріп отыр», - деді Владимир Матич.

Сондай-а, Владимир Матич өз сөзінде Сербия Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс орнатуға ниетті екенін атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бакенов Сербия Қазақстанның негізгі әріптестерінің бірі екенін айтты. 

«Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу біздің еліміз үшін жауапты әрі құрметті миссия. Бүгінгі оқиға, Сербияның ұлттық күнін атап өту Қазақстан мен Сербияның болашағы үшін тарихи маңызға ие. Сербия әлемдік аренада Қазақстанның маңызды әріптесі болып табылады және біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарды күшейтуге ниеттіміз. Сербияның ұлттық күні мәдени қарым-қатынастарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімдімін. Ал Сербияның бизнес қоғамдастығы ЭКСПО-2017 көрмесінің арқасында Еуразия өңірінде өз орнын алады», - деп атап өтті Ернар Бекенов.

Сербия павильонында биомассадан энергия өндіру технологиясы ұсынылған. Оны күйдіру немесе түрлендіру арқылы биоотын немесе биогаз алуға болады. 




Яндекс.Метрика