Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Астанада 2017 жылға дейін 228 апаттық жағдайдағы баспана сырылады – И. Тасмағамбетов

Астанада ескі және апаттық жағдайдағы тұрғын үй бағдарламасы аясында 2017 жылға дейін 228 апаттық жағдайдағы тұрғын үй сырылады. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 11:30

«Біз қазір жыл сайын 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үйді іске қосудамыз. 2013-жылдың қорытындысы бойынша, астанамызда 1 млн. 100 мың – 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Ал, егер жалпы алатын болсақ, қала қалыптасқалы бері 12 млн. шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға беріліпты. Мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері мен бағдарламалары бойынша, 18 мың отбасы немесе 60 мың адам жеке үйге қол жеткізген. Осылайша, соңғы 15 жыл ішінде Астанада тұрғын үймен қамтамасыз етілу орташа есеппен әр адамға 15-25 шаршы метрден келеді», - деді әкім.

«Астананың тұрғын үй қорын жаңарту – адамдар өміріне қауіп төндіретін ескі үйлерді жоюмен қатар жүргізілуі тиіс. Қазір бұл бағдарламалық деңгейде іске асырылуда, және ең бастысы – нәтижелер де бар», - деп түйіндеді сөзін И. Тасмағамбетов.

Сондай-ақ, әкім аталмыш бағдарламаның жүзеге асуы жайлы хабарлады. Оның айтуынша, шаршы метрге байланысты сырылады, баспанада тұрып жатқан адам саны ескерілмейді.

«Қазір Мемлекет басшысының мақұлдануымен елорданың даму жоспары бойынша бес даму бағыты қарастырылған. Бірінші – «Мыңжылдық» аллеясы, ол «Қазақ елі» алаңының ауданында орналасқан. Оның жалпы ауқымы 335 га жерді құрайды. Оның 42 сәулетшісі анықталды», - деді Тасмағамбетов.

Әкімнің пайымдауынша, қазіргі таңда 6 ауданда құрылыс жұмыстары жүруде, ал жобалау деңгейінде 36 учаскі тұр. 2020 жылға дейін бұл алаңда 25 тұрғын үй кешенін салу жоспарланған.

Сондай-ақ, елорданың даму жоспары бойынша Орынбор көшесі мен Тұран даңғылы, «Жасыл орам» ауданында құрылыс жүргізу көзделген.




Яндекс.Метрика