ҚР Президентінің Жолдауы

Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 40 үй салынбақ

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Қызылорда облысында 40 көпқабатты үйді пайдалануға енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа өңірге жұмыс сапары барысында баяндалды, деп хабарлады primeminister.kz.
Қызылорда28 Маусым , 20:43

Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысымен және "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында инфрақұрылымды дамыту барысымен танысты.

Қызылорда әкімі Н. Нәлібаев Бақытжан Сағынтаевқа өңір халқын қолжетімді баспанамен және әлеуметтік маңызға ие нысандармен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы және жаңа тұрғын үй алабының жобасы туралы баяндады. Биыл облыс орталығының сол жақ жағалауында салынып жатқан үйлерге қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталады.

Облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мына бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысы көзделген:

• ипотекалық несиелендіруге қолдау көрсету;

• жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй құрылысына ынталандыру;

• тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі арқылы жүзеге асырылатын несиелік тұрғын үй құрылысы;

• жалдамалы тұрғын үйдің өңірлік қорын құру;

• жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.

Биыл өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 211 пәтерден тұратын 40 көпқабатты үйді пайдалануға беру жоспарда бар. 

Еске сала кетейік, Премьер-Министр жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барған болатын.




Яндекс.Метрика