Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ШҚО-дағы сотталғандарға пробация үйлерінде көмек көрсетіледі

Шығыс Қазақстан облысындағы сотталғандарға пробация үйлерінде көмек көрсетіледі.
Астана қаласы28 Маусым , 19:21

Шығыс Қазақстанның Зырян қаласында бір терезе принципі бойынша жұмыс істейтін Пробация үйі өз есігін ашты, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті. 

ҚАЖ қызметкерлерінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, білім бөлімі, көші-қон полициясының құжаттандыру бөлімі және «Антарес-А» қоғамдық қоры филиалы мамандарының қатысуымен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза шараларына шамамен 50 сотталушы әлеуметтік-құқықтық көмек алды. Есепте тұрған адамдар да тиісті консультациялар алып, жоғарыда аталған мамандардың көмегімен өздерінің мәселелерін шеше алды.

«Нәтижесінде арнайы білімі жоқ жеті жұмыссыз адам тегін оқытылып, кәсіпке ие болады. 10-ға жуық сотталған адам қалалық кәсіпорындар мен ұйымдарға жұмысқа жіберілсе, тағы 16 сотталған психологиялық көмек алды. Бұдан бөлек, 17 сотталғанға құқықтық көмек көрсетілді, оның ішінде әр түрлі жағдайда жоғалған құжаттары қалпына келтірілді», - деп ақпараттандырды ҚАЖК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Арман Қатанов.

Бас бостандығынан айыру жерлерінен босап шыққан бұрынғы сотталғандар, сондай-ақ мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған немесе әкімшілік қадағалау белгіленген адамдар көмекке жүгіне алады.

Жақын уақытта Риддер қаласында ХҚКО форматында Пробация үйін ашу жоспарланып отыр.

«Қазақстанның барлық облыстарында «Пробация үйі» түріндегі жаңа жобаның іске асырылуы аса пайдалы тәжірибе. Кейінгі уақытта көрсетілген көмек  сотталғандардың қоғамда жылдам бейімделуіне және қылмыстардың қайталануының азаюына ықпал етеді», - деп хабарланды ІІМ ҚАЖ Комитетінде.




Яндекс.Метрика