Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Монако Князьдігінің өкілдері ғарыш саласындағы ынтымақтастық туралы келісті

II Монако Альбер князьінің Қазақстанға сапары аясында князьдық өкіл Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығын барып қайтты, онда делегация өкілдері ғарыш қызметінің дамуымен танысты.
Астана қаласы28 Маусым , 20:18

«Делегация құрамына Президент пен «Монако халықаралық харыш жүйесі» (SSI Monaco) компаниясының Бас атқарушы директоры доктор Илхами Айгюн (Ilhami Aygun), Монаконың Экономика және қаржы бөлімінің Аға кеңесшісі Мишель Букье (Michel Bouquier) және Монаконың Экономикалық кеңес Президенті Мишель Дотта (Michel Dotta) кірді», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Делегацияға жоғары рұқсатты «КazEOSat-1» және орта рұқсатты «КazEOSat-2» екі спутниктен тұратын Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің, Жоғары рұқсатты спутниктік навигация, сонымен қатар, «KazSat-2» және «KazSat-3» қазақстандық байланыс спутнигі мен олардың жерүсті кешенін жұмысы таныстырылды.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар Құрастыру-сынау кешенінің құрылысы барсымен танысты, онда массасы 100 кг. 6 тоннаға дейінгі салмақтағы әр түрлі мақсаттағы спутниктерді өндіру жоспарлануда, сонымен қатар, спутниктін жинақтаушылары өндірілуде. Делегация өкілдері осы жылы пайдалануға беруге жоспарланып отырған, тәжірибелі өндірісті Арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын қарап шықты.

Кездесу барысында тараптар ғарыш саласы бойынша ынтымақтастықтын ықтимал бағыттарын талқылап, Монако өкілдері Қазақстанға бірлесіп телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппаратын жасауға ұсынды. Сондай-ақ, олар Князьдікке тиесілі «MonacoSAT» ғарыш аппаратын Қазақстандығ ғарыш байланысы операторларына транспондер сыйымдылығын ұсұнуға дайын екенін білдірді.




Яндекс.Метрика