Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

2020 жылға дейін Астана қаласында 100 балабақша салынады – И.Тасмағамбетов

2020 жылға дейін Астана қаласында 100 балабақша салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
Астана қаласы27 Желтоксан , 11:10

«2013 жылы Астанада 8 балабақша, жалпы, соңғы 4 жылда 80 балабақша салынды. Ал 2014 жылы тағы 17 білім беру мекемесін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазіргі қоғамда балабақша тапшылығы мәселесі ушығып тұрғаны белгілі. Алайда, бұл мәселені осылай бірте-бірте шешеміз», - дейді Иманғали Тасмағамбетов.

Әкімнің айтуынша, елордада мектептерге де баса назар аударылуда. Орта білім беру сегментінде қазіргі таңда 83 орта мектеп бар. Соның ішінде 71-і мемлекттік болса, 12-сі жеке меншік мектептер. Олардағы оқушы саны 95 мыңды құрайды.

«Биыл елордада 4 мектеп қолданысқа берілді. Ал 2014 жылы тағы 10 мектеп салынбақ. Бұл мектептердің құрылысы басталып кетті, келер жылы тағы 5 мектептің құрылысын бастаймыз», - деді Тасмағамбетов.

Айта кету керек, мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 171 ұйым жұмыс істейді. Олардың 78-і мемлекттік болса, 66-сы жеке меншік, 2-еуі ведомстволық, ал 25-і шағын орталықтар. Ондағы балалардың жалпы саны 33 мыңды құрайды.




Яндекс.Метрика