Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Шығыс Қазақстанда индустриялық аймақтар жұмысын жандандырмақ

Арнайы компания Шығыс Қазақстанда индустриялық аймақтардың жұмысын жандандыруды қолға алмақ, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында белгілі болды.
Шығыс Қазақстан28 Маусым , 19:47

Шығыс Қазақстан облысы аумағында 3 индустриялық аймақ бар: «Өркен-КШТ» (Өскемен қаласы), «Өндіріс» (Семей қаласы), Индустриялық аймақ (Өскемен қаласы). ШҚО Кәсіпкерлік басқармасы жұмысты жандандыру үшін Оңтүстік Қазақстан облысын мысалға ала отырып, "Ертіс" СПК" жанынан "ИЗ басқарушы компаниясы" ЖШС құруды ұсынды.

«Индустриялық аймақта инфрақұрылым жақсы дамыған, оны дамыту бойынша сұрақтар бар. Оны өзіміз орындай аламыз. Оған 36,5 млн теңге қажет. Осы аймақ бойынша 2 ықтимал жоба бар -  «KTZ Express» АҚ және «Universal Logistics» ЖШС. Қазір келіссөздер жүргізілуде», - деді «Ертіс» СПК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Антон Крамаренко.

«Өндіріс» аймағына келетін болсақ, онда 3 жоба іске қосылған, ондағы өндіріс көлемі 60 млн теңгені, салық түсімдерінің көлемі 10 млн теңгені құрап, 40 жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлерді тарту үшін теміржол тұйығын құру жөніндегі ТЭН әзірленді. Инфрақұрылым жақсартылады.

Үшінші индустриялық аймақ инфрақұрылымның азырақ дамуымен сипатталады. Қазіргі уақытта ТЭН әзірленіп, ЖСҚ-ға өтінім берілген, мақұлданғаннан кейін аймақтың ішінде, аймаққа апаратын жолдар салу, әкімшілік ғимарат салу жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика