Парламент

Мәжіліс төрағасы жылды қорытындылады

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палатаның осы сессиядағы соңғы жалпы отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 12:57

Осыған байланысты сессия жұмысын қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы бұл сессия Мәжіліс тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болғанын атап өтті.

«Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына, Елбасының бастамасымен жүргізілген конституциялық реформаға баса көңіл бөлді.Оны сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ,  Президенттің Жолдауында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, «Қазақстан - 2050» Стратегиясында айтылған басым бағыттарды заңнамалық қаматамсыз ету жолында  жұмыстар атқарылды», - деді ол.

Айта кетсек, аталған кезеңде Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп 226 мәселе қаралған.

«Палата 84 заң жобасын қарап, Сенатқа жолдады. Сондай-ақ, 16 «үкіметтік сағаттар», 2 Парламентттік тыңдау, 25 «дөңгелек үстелдер», 17 көшпелі отырыстар мен 4 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылған. Мәжіліс Төрағасы атап өткен тағы бір үлкен өзгеріс  ол – Мәжіліс жұмысының ашық болуы», - деді Н.Нығматулин.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, сессия ашылған күннен бастап, жалпы отырыстар және Үкімет сағаттары «онлайн» режимде бүкіл республикаға көрсетілді.

«Бұл Мәжіліс жұмысының бұрынғыдан да ашық және сапалы болуына зор ықпал етті. Сонымен қатар, бізде өткен шараларға мемлекеттік органдармен бірге, қоғамдық ұйым мүшелері, Мәжіліске кірмеген партиялар қатысып, біздің Мәжіліс шын мәнінде еркін-пікір орталығына айналды. Осының барлығы біздің жұдырықтай жұмылып, бірлесе жасаған жұмыстарымыздың нәтижесі»,-деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс осы күні кейбір заңнамалық актілерге оларды Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша түтулерге қатысты заң жобасы бойынша Сенат енгізген өзгерістерге келісім білдірді. 

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика