Басқару

Президент дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 12:37

«Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.Қазақстан Республикасының Үкіметі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) үш ай мерзімде әзірлесін және бекітсін.Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар Жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын», - делінген Қаулыда.

 Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 




Яндекс.Метрика