Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Отандық электровоз құрастыру зауыты халықаралық сертификатқа ие болды

Қазақстандағы «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС еліміздегі тұңғыш Халықаралық теміржол өнеркәсібі стандартына сәйкес IRIS сертификатына ие болды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 14:32

Alstom компаниясының Бас директоры және ТМД Оңтүстік кластерінің басқарушы директоры Бернард Пелдің айтуынша, «Электровоз құрастыру зауыты» IRIS стандартына сәйкестігін дәйектеген тұңғыш кәсіпорын. Мұндай сертификатқа ие болу біздің халықаралық менеджмент сапасына сәйкес үнемі жетілдірумен және тапсырыс иелерінің талаптарына орайластырылған, жаңа әрі сенімді локомотивтер пайдалануға бере алатындығымызды көрсетеді».

Бұл стандартқа сәйкестік отандық өнім өндіруші кәсіпорынға әлемдік теміржол көлігі машинасы нарығында бәскелестікте басымдық береді. Әрі шетел нарығына еркін жол ашады.

«Бұл дәреже кәсіпорынның Қазақстан нарығына ғана емес, шетелдік жаңа нарықтарды игеруіне, Достастық елдеріне шығуына, сонымен қатар әлемге танылуына қызмет етеді»,-дейді бас директордың орынбасары – «Русский регистр» Сертификаттау қауымдастығы менеджмент жүйесінің сертификаттау жөніндегі директоры Ирина Носкова.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ вице-президенті Марат Шәкенов ұжым мен оның басшылығын сертификат алуымен құттықтады.

«Біздің қызметіміз зауытпен тығыз байланысты. IRIS сертификаты зауыттың теміржол саласындағы сапалы өнімді жеткізуші әрі сенімді серіктес екендігін көрсетеді»,-деп атап өтті ол.

Атап өтерлігі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Трансмашхолдинг» ЖАҚ, ALSTOM Transport – «ЭҚЗ» ЖШС арасындағы бірлескен кәсіпорын құру арқылы 2020 жылдарға дейін Қазақстанның электровозға ішкі сұранысын толығымен қамтуға көздеп отыр. Қазіргі таңда 42 дана KZ8A жүк электровоздары KZ4AT сериялы 20 жолаушылар электрвоздары Қазақстанның теміржолдарында жүйткіп жүр. 2015 жылы  Alstom компаниясы мен «ЭҚЗ» ЖШС  бірлесіп, «Әзірбайжан теміржолы» ЖАҚ келісімге отырып көршілес мемлекетке жаңа үлгідегі 50 электровоз жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол қойған болатын.

Айта кетейік, IRIS сертификаты теміржол саласындағы әлемдік ауқымдағы танымал басқару саласына стандарттық баға бере алатын моносаладағы  бір ғана мекеме. Аталмыш сертификаттау жүйесі теміржол саласына ISO 9001 стандарты негізінде жоғары сапалық көрсеткішін қамтамасыз ететін жүйе. 




Яндекс.Метрика