Үкімет

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қызылорда облысында жүр

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты, деп хабарлады primeminister.kz.
Нұр-Сұлтан28 Маусым , 11:33

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова Бақытжан Сағынтаевқа МӘМС жүйесін енгізуге даярлық пен өңірдің медициналық мекемелері мен денсаулық сақтау саласын дамыту келешегі туралы баяндады.

Облыста халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, облыстың барлық тұрғындарынан МӘМС жүйесіне қатысушылардың статусы анықталды. Қазіргі таңда емханаларға тіркеу науқаны жүргізіліп жатыр.  

Балалар ауруханасын аралау кезінде, Бақытжан Сағынтаевты мекеменің жабдықталуы мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында балаларды білікті емдеу шаралары туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ,  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапарының алғашқы нысаны Сырдария өзеніндегі су тасқыны кезеңінде су жинауға және ауыл шаруашылығына арналған жерлерді суаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін гидротехникалық құрылыс болды.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов Мемлекет басшысының тасқын суды жинау және суарылатын жерлердің көлемін арттыру бойынша тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Қызылорда облысында егін шаруашылығы суармалы жерлерде ғана жүргізіледі, оның жалпы ауданы шамамен 240 мың га құрайды, оның ішінде ауыспалы егіске ағымдағы жылы 180 мың га тартылды, бұл өткен жылға қарағанда 10 мың га-ға артық. Суармалы егін шаруашылығы алқабын кеңейту гидротехникалық құрылыс, оның ішінде Қызылорда су торабы арқылы жүзеге асырылады.

 

 




Яндекс.Метрика