Халықаралық интеграция

Астанада «Болашақтың энергиясы» Орталық Азиялық семинар өз жұмысын бастады

Астанада ЕҚЫҰ жүйесінің XI Орталық Азиялық жастар семинары өтіп жатыр. Биыл ұйымдастырушылар аталмыш шараны ЭКСПО-2017 аясында Астанада өткізуді жоспарлап отыр. Семинар үш күнге созылады.
Нұр-Сұлтан 28 Маусым, 11:04

Халықаралық семинарға  Орталық Азия, Ауғанстан мен Монғолиядан келген   40-тан астам студент қатысады.

ЕҚЫҰ Австрия төрағалығында аталмыш семинардың  тақырыбы қауіпсіздікті күшейту мен Орталық Азиядағы диалогты нығайтуға  жастардың қосқан үлесі,  баламалы энергия көздері сынды тақырыптарға   арналады.

Шақырылған қонақтар өз сөздерінде шараның маңыздылығы туралы айтып өтті.

«Жастармен байланысты тұрақты серіктестік болған өте маңызды. Бірінші жыл  жұмыс істеп жүрмеген адамдар да бар. Жастар энергиясы  біз үшін де энергия. Біз барлығымыз жас болдық. Шара ЭКСПО-2017 аясында Астанада өтіп жатқандығы қуантады. Біз елдеріміздің болашағы үшін алаңдаймыз. Бірлікті нығайтып, достасу керек», - деді  Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко.

Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо айтып өткендей, биылғы жылдың тақырыбы ерекше.

«Бұл өте жақсы жоба, біз оны жыл сайын өткіземіз. Аталмыш форум  Орталық Азия – Алматыда өтетін. Алайда, биылғы  жылы бағдарламаны әзірлеу барысында мен ұйымдастырушыларға жастар ЭКСПО-2017 көрмесін тамашай алсын деген қолқа салдым. Себебі, бұл бір  рет қана болатын жағдай.  ЭКСПО – болашақтың  энергиясы мен шараның тақырыбы ерекше энергиямен байланысты. Биыл Австрия  ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп отыр», - деді елші.

Үш күн ішінде студенттер танымал қазақстандық  саясаткерлермен,  кәсіпкерлермен әңгімелеседі.

Айта кетейік,  1 шілдеде студенттер  ЭКСПО-2017 көрмесіне барады.

Ақбота Күзекбай

Фото: автор





Яндекс.Метрика