Инвестициялар

БҚО-ның тұрғын үй құрылыс ына 12,9 млрд. теңге инвестиция бағытталды

2017 жылғы қаңтар-мамырда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 27,7 млрд.теңгені құрады,деп хабарлады БҚО-ның статистика департаменті.
Батыс Қазақстан28 Маусым , 10:56

Нақты көлем индексі 2016 жылдың қаңтар-мамыр деңгейіне 97,4% құрады.2017 жылғы қаңтар-мамырда 993 жаңа ғимарат, оның ішінде 951 тұрғын үй және 42 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға берілді.

2017 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үй құрылысына 12,9 млрд. теңге инвестиция бағытталған немесе 2016 жылдың қаңтар-мамыр деңгейіне 275,7%.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 143,9 мың шаршы метрді құрады, пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2016 жылдың қаңтар-мамыр деңгейіне 177,7% құрады.2017 жылғы қаңтар-мамырда бюджет қаражаты есебінен 8,4 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық үйлер, жұртшылық қаражаты есебінен 109,9 мың шаршы метр жеке тұрғын үйлер, кәсіпорынның меншіктік қаражаты және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 25,6 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.


Іске қосылған тұрғын үйлердің көбеюі Орал қаласында және Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарында байқалады.




Яндекс.Метрика