«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Алматы-1- Шу теміржолы учаскесіндегі жұмыстар жеделдетіледі

Алматы-1-Шу теміржол желісінің екінші телімінің өткізу кешені құрылысы мен нысанды пайдалануға беру 2017 жыл аяғына дейін аяқталады, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Алматы28 Маусым , 09:13

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Алматы-1-Шу теміржол желісінің екінші телімі құрылысын аралаған соң, «Нұрлы жол» бағдарламасына енетін жоба қатысушыларымен жедел кеңес өткізді. Кеңеске ҚТЖ филиалдары - ірі жобаларды жүзеге асыру дирекциясы, магистральдық желі дирекциясы, Алматы және Жамбыл облысы филиалдарының пайдалану құрылымдары, бас мердігер мен қосалқы мердігерлерімен, құрылысшылармен, жобалау институты мамандары қатысты.

Қ. Алпысбаев құрылысты жеделдетіп, телімдегі топырақ қабатын көтеруді күшейтіп, құрастыру  материалдарын жеткізу, белгі беру және байланыс материалдары мен жол айырықтарын тұрғызу тапсырмасын берді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылымдық жобалар жөніндегі вице-президент Бауыржан Орынбасаров Ақсеңгір мен Қазыбек Бек станциялары маңындағы автокөлік өткелі мен жол айырықтарының құрылысы туралы баяндады.

«Бірінші жол айырығы өткелінде  құрылыс жұмысы кесте бойынша жүргізілуде. Құрылыс алаңына тіректер, БСН-42 арқалығы жеткізіліп, құрастырылуда. Оны құрастыруды дайындаушы- зауыт жүзеге асырады. Ол тамыз айына жоспарланып отыр. Сондай-ақ, екінші жол өткелінде жұмысты жалғастыру жоспарлануда»,- дейді Б. Орынбасаров.

Компания басшысы Ақсеңгір жол айырығының құрылысын аяқтап, пайдалануға берудің маңызы зор екендігін атап өтті. Жедел жиналыс қорытындысын жасаған Қ. Алпысбаев жазғы күннің ашық мезгілін тиімді пайдаланып, Алматы-Шу теміржолының құрылыс қарқынын көтеру арқылы, үлкен жобаны  дер кезінде аяқтау керектігіне баса назар аударды.

 




Яндекс.Метрика