Евразиялық одақ

Еуразия Парламенттері цифрлық экономиканы қолдайды - ЕЭК

Бүгінде цифрлық технологиялардың даму деңгейі елдер мен халықаралық одақтардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян еуразиялық континенттің билік органдары басшыларының екінші халықаралық форумы аясында «Еуразия елдерінің жалпы гүлденуі үшін парламентаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу» атты пленарлық сессияда мәлімдеді.
Әлемде28 Маусым , 08:49

ЕЭК Алқа Төрағасы Тигран Саркисян парламентаралық ынтымақтастық қарқынды түрде өсіп келе жатқан цифрлық экономикада ойын ережелерін қалыптастырудың маңызды жүйелі факторы болуы тиіс екенін атап өтті. 

«Сондықтан дамудың жаңа модельдері  екі негізгі аспектіні – экономикалық еркіндік пен қауіпсіздікті қамтуы өте маңызды. Алайда, қазір сарапшылар мен саясаткерлердің басым көпшілігі олардың қалай үйлесуі керектігі жайында дауласуда. Цифрлық реттеу қалай жүзеге асырылады? Ол жаңа кедергілер мен тосқауылдарды әкелмеуі үшін не жасау керек? Мемлекет қауіпсіздік пен егеменділікті қалай сақтап қалуы керек? Осы сұрақтарға жауаптарсыз біз цифрлық сенім қоғамын құра алмаймыз және өз болашағымызға сенімді бола алмаймыз», – деп санайды Тигран Саркисян.

Цифрлық тұғырнамалар экономиканың көптеген салалары үшін едәуір мультипликативтік әсер береді және әлеуметтік қызметтер жұмысының тиімділігін арттырады. 

«Әдетте, осы тұғырнамалар ұлттық шекарадан тыс шығып, халықаралық заңнама шегінде жұмыс істейді. Бұл да баршамыз үшін жаңа жағдай», – деп хабарлады ЕЭК Алқа Төрағасы Тигран Саркисян.

Ол Одақ елдерінің әрқайсысында цифрлық жобаларды іске асыру басталғанын атап өтті. Осыған байланысты, барлық жоспарлар мен жобаларды бәсекеге қабілеттіліктің артуы мен шығындардың қысқаруын қамтамасыз ететін «бір шатырдың» астына жинақтау қажет. Интернет-сауда, төлем жүйелері, логистика және басқа да салалардағы жұмысты жылдамдатып, оңайлататын жалпы нормалар мен стандарттарды әзірлеу керек.

Еуразия парламенттері басшыларының жиынына тұрақты іс-шара мәртебесі беріліп, онда өкілдікті билік органдарының спикерлері еуразиялық интеграцияны дамыту және ынтымақтастық мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіретін болады. Келесі жиын Астанада (Қазақстан) 2018 жылы өтеді.




Яндекс.Метрика