Парламент

Қазақстанға Сенат сайлауын бақылайтын делегациялар келіп жатыр

Қазақстанға Сенат сайлауын бақылайтын делегациялар келіп жатыр. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары В.К.Фоос пен Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Чиботару Родиканың кездесуі болды, деп хабарлады ОСК.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 18:21

В.К.Фоос Чиботару ханымға шақыруды қабылдағаны және сайлауды байқауға Молдова Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Ол сондай-ақ Молдовадан келген әріптесін Парламент Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу барысы туралы хабардар етті.

«Осы сайлаудың ерекшелігі – сайлауда бірінші рет таңдаушыларды электрондық тіркеудің қолданылуы. Сайлаушылардың келуі, сондай-ақ дауыс берудің алдын ала қорытындылары туралы деректер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында көрсетіледі. Таңдаушыларды тіркеудің электрондық жүйесі болашақта жалпыұлттық сайлауда сайлаушыларды электрондық тіркеуді енгізу мүмкіндігін әрі қарай қарастыру үшін жүйені сынақтан өткізу болып табылады» - деп атап өтті Төраға орынбасары.




Яндекс.Метрика