Евразиялық экономикалық кеңістік

БЭК елдеріндегі роуминг таяу жылдары нөлденуі мүмкін - ЕЭК министрі Н.Алдабергенов

Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің мобильдік опреаторлары желілеріндегі роумингті нөлдеу таяу бірнеше жылда орындалуы мүмкін, деп Primeminister.kz хабарлады.
Астана қаласы27 Желтоксан , 10:55

«Қазір біздің шекараларымыз ашық, және әр адам КО елдері аумағында жүргенде қазақстандық тарифтерден 20 есеге асып түсетін роумингте қоңырауларды тарифтеу проблемасына тап болады. Роумингті нөлдеу бірқатар заңнамаларға түзетулер енгізуді талап еткендіктен, оған уақыт қажет, бұл үш-төрт жыл көлемінде іске асырылады деп ойлаймын», - деді Н.Алдабергенов.

Ол Еуропа елдерінде 2015 жылға қарай роумингті толғымен нөлдеу мәселесі шешіліп жатқанын қосып айтты. 

Министрдің айтуынша, осындай тосқауылдар қойған ұялы байланыс операторлары клиенттерінен айрылады, бұл өз алдына ақшалай түсім көлемдерінің азаюына алып келеді.

«Мысалға, елімізден Ресейге барғанда біз ресейлік нөмірлерге және ұялы байланыс операторларына қосыламыз, ал Қазақстанда қайтадан жергілікті ұялы байланысқа ауысамыз. Мен де осындай мәселеге тап болдым, үш-төрт рет сөйлескенде біраз сома кетеді», - деп мысал келтірді Н.Алдабергенов.

Сонымен қатар, ол қазақстандық операторлар тарапынан бұл мәселеге қатысты айқын қарсылық жоқтығын атап өтті.

«Бірақ, олар бірқатар заңнамаларды бірегейлендіру, тең шарттар туралы мәселені қозғайды. Бұл әлемдік тәжірибе, біз соған келе жатырмыз», - деп қортындылады Н.Алдабергенов.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика