Парламент

Журналистер ақпараттың дұрыстығын міндетті түрде тексеретін болады – Д. Абаев

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі журналистерге ақпараттың дұрыстығын міндетті түрде тексеру қажет болатын норманы ұсынады. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев ҚР Парламентінің Мәжілісінде ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша заң жобасымен таныстыру барысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 15:27

«Біз журналистер ақпараттың дұрыстығын тексеруге міндетті болатын норманы ұсынамыз. Яғни бір жерден жаңалық естіген жағдайда олар ресми өкілге қоңырау шалып, оны нақтылап алуы тиіс. Жаңалықтың шындыққа шын мәнінде сәйкес келетінін анықтап алу керек. Мен осыдан бастайтын болсақ, едәуір ілгерілейміз деп ойлаймын», - деп атап өтті министр.

Дәурен Абаев түсіндіріп өткендей, журналист мәртебесіне қатысты кейбір нормалар көзделеді.

"Журналистің мәртебесі оның кәсіби қызметіне байланысты. Журналистер маңызды өкілеттіктерге және басқа мәртебелерге ие болатынын байқаған боларсыздар», - деп қорытындылады министр.

Еске сала кетейік, Мәжілісте ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша заң жобасымен таныстыруда.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика