Парламент

Ақпарат және коммуникация жөніндегі заң жобасы таныстырылды

Ақпарат және коммуникация министрлігіне азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қызметін жеңілдету бойынша нормалар енгізу маңызды болды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстыру барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 15:09

«Министрлік отандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін жеңілдетуге басшылық етті. Атап айтсақ,  БАҚ қызметін тоқтату  түріндегі  әкімшілік талапты алып тастау және талаптарды орындамау мен міндетті дананы шығаруға  қатысты тираждарды алып қою жүзеге асырылмайды», - деді Д.Абаев.

Жалпы, Заң жобасы  БАҚ, телерадиотарату,  ақпараттандыру мен байланыс   саласында  қоғамдық қарым-қатынасты құқықтық  реттеумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Онда  200-ден астам  өзгерту бар, 4 Кодекс пен  12 заңға өзгертулер мен  толықтырулар енгізу қарастырылған.

«Әрекеттегі заңнамада  БАҚ-та жарияланған ақпаратты  бекерге шығаруға  қатысты  тойтарыс беру   бойынша  дауларды сотқа дейін шешу нақты көрсетілмеген. Тәжірибе де оны көрсетіп отыр», - деді министр.

Д.Абаев айтып өткендей, аталмыш  үрдіске екі жақ та тартылды.

«Тағы бір маңызды мәселе – БАҚ-та жәбір көрген балаларға қатысты мәліметтердің жариялануы.Қазіргі таңда  бұл мәселе реттелмеген, себебі интернетте пайда болған ақпарат болашақта баланың өміріне зиян келтіруі мүмкін. Қазірдің өзінде бірқатар БАҚ ондай мәліметтерді бермеуге тырысады», - деді министр.

Министрлік телевизияда мемлекеттік тілде жарнаманың тең дәрежеде  шығуына да назар аударды.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика