Экономика

2025 жылға қарай салық жиналымы 25 пайызға дейін артады

2025 жылға қарай салық жиналымы 25% -ке дейін артады, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуінде.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 16:56

«Қазіргі уақытта Қазақстан жаңғыртудың 2 кезеңінен табысты өтті, олардың шеңберінде экономикалық өсу үшін негізгі нарықтық және заңнамалық алғышарттар жасалды.Бұдан әрі де өсу үшін шикізаттық маманданудың және орташа табыстың тұзақтарымен, үлкен борышпен және шектеулі бюджетпен байланысты экономикалық және бюджеттік тәуекелдердің проблемаларын шешу қажет», - деді министр.

Осыған байланысты, «Үшінші жаңғыру» Жолдауында Президент берген тапсырмаларды орындау үшін Министрліктің алдына мынадай мақсаттар қойылған:

2025 жылға қарай салық жиналымын жалпы ішкі өнімге қарағанда 16,6%-тен 25% -ке дейін арттыру.

Сондай-ақ, әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдету, тиімсіз салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтарды алып тастау бөлігіндежаңаКеден және Салық кодекстеріүшін ұсыныстар әзірленетін болады.

Бұдан басқа, кәсіпкерлік шығындарын азайту үшін салық-кеден саласында тіркеу, төлеу, декларациялау, есептілік тапсыру және тексеру бөліктерінде жеңілдік шаралары қолданылатын болады.

Ағымдағы жылы Министрлік Мемлекет басшысының және Үкіметтің мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану және оны нығайту бағытында айқындаған барлық міндеттерін орындауды жалғастыратын болады.

 




Яндекс.Метрика