Адами капитал

БЖЗҚ-ның салымшылары онлайн-қызметтерді пайдалануда

Күні бүгінге дейін 754,5 мың адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы алған, деп хабарлады «БЖЗҚ»АҚ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 14:56

Ақпаратқа сәйкес, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдаланады. Салыстырар болсақ, 2014 жылдың шілдесінде (жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан активтер мен міндеттемелерді, сондай-ақ салымшылар туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға қабылдау үдерісі аяқталған соң) интернет-хабарландыру тәсілін таңдағандардың саны бар-жоғы 334,8 мың адамды құраған болатын.  2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш 1,08 млн. адамға дейін өсті, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,66 млн. адам. Осылайша, биылғы жылдың басынан бері 640 мыңнан астам адам ақпарат алудың осы бір ыңғайлы да жедел түрін таңдады.

Бұдан басқа, 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 797,4 мың болды. Жыл басынан бері жүктеп алу саны 287,7 мыңға дерлік көбейді немесе 56%-ға артты

«2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі арқылы электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 512 мыңнан астам үзінді-көшірме берілген. Салыстыратын болсақ, осы портал арқылы ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша 352 мың үзінді-көшірме берілген», - делінген хабарламада.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтік сайтындағы «Кері байланыс» нысаны, «онлайн-чат», «Төрайымның Блогы» және «Қоғамдық қабылдау» арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.




Яндекс.Метрика