Адами капитал

Елдің инновациялық болашағын қалыптастыруда БАҚ-тың рөлі артуда (ФОТО)

Журналистер күні қарсаңында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова үздік журналистерге Президенттің сыйлықтары мен гранттарын тапсырды.
Нұр-Сұлтан 27 Маусым, 12:38

«Баршаңызды Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің еңбегі жоғары деңгейде лайықты бағаланып, арнайы аталып өтетін дәстүрлі шарада сіздермен жүздесіп отырғаныма аса қуаныштымын. Бүгін үздік деп танылған журналистеріміз бен озық жетікстіктерімен ерекешеленген шығармашылық ұжымдарына, президент сыйлықтары мен гранттарын тапсырып, алғысын жариялаймыз», - деді ол.

Ол айтып өткендей, Қазақстанда БАҚ-тың әртүрлі кеңейген тақырыптық бағыттары көп, танымалдылық артып, қызықты, өзекті   репортаж бен материалдар саны да жетерлік.

«Журналистердің шығармашылық  және кәсіби қасиеттері сапалы медиа өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Жеделділік пен нысандылық,  сараптамалық әдіс  журналистикадағы басты қару болып  қала бермек. Ақпараттық технологиялардың әсерімен қоса жалпыкөлемдік түсінік пайда болады.  Қазіргі өмірді интернет, радио, телевизия, газет, журналсыз  елестету қиын, олардың барлығы ақпараттық мобильділікті қамтамасыз етеді», - деді Мемхатшы.

Ол айтып өткендей, жыл санап ақпараттық қызмет көрсетудің сапасы артып келеді.

 «Бүгінде отандық БАҚ-та Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық мақсат-міндеттерді соның ішінде «Рухани жаңғырудың» маңызын кеңінен жариялап көрсету міндеті жүктеліп отыр. Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін де ақпараттық тұрғыдан қолдау күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Жаһандық ауқымдағы шара отандық  және шетелдік бАҚ үшін әлемдік қауымдастыққа  тақырыптық  өзектілік пен тұрақты экологиялық даму, халықаралық имиджді дамыту туралы ақпаратты жеткізе алады. Осы айтылған және өзге де маңызды міндеттерді БАҚ өкілдері сапалы әрі уақытылы орындайды деп сенеміз», - деді Г.Әбдіқалықова.

Мемхатшы айтып өткендей,  қазір еліміздің халықаралық оң имиджін ілгерілету жөніндегі жұмыстар қызу жүріп жатыр. Соның ішінде Қазақстанның инновациялық болашағын қалыптастыру және әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылу үдерістерін жан-жақты көрсету ісіндегі отандық БАҚ-тың рөлі арта түсуде. Осы стратегиялық міндеттерді тиімді жүзеге асыру мемлекет пен медиа-қоғамдастықтың өзара жемісті іс-қимыл орнатуы қажеттігіне негізделеді.

Сөз соңында  ҚР Мемлекеттік хатшысы  үздік журналистерге Президенттің сыйлықтары мен гранттарын тапсырды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы бұйрыққа қол қойған болатын.

Қайрат Жандыбаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика