Инфрақұрылымды дамыту

Астанада екі жылу магистралінің құрылысы жоспарлануда – И. Тасмағамбетов

Қазақстанның елордасында екі жылу магистралінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді.
Астана қаласы27 Желтоксан , 10:55

«Астанада 4-ші жылу магистралінің құрылысы жоспарлануда, ол Мыңжылдық ауданы мен жаңа теміржол вокзалының ауданы, оңтүстік-шығыс ауданын қамтамасыз ететін болады. Ал, 2015-2017 жылы 5-ші жылу магистралінің құрылысы басталады. Ол Халықаралық ЭКСПО-2017 ауданын қамтамасыз ететін болады», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, елорданың жылумен қамтылуын үзбес үшін жұмыс істеп тұрған жылу магистральдарын қайта жөндеуден өткізу жоспарлануда.

И. Тасмағамбетовтың айтуынша, өткен жылы ЖЭС-2 №4 қазандықтың іске қосылуы елордалықтарды жылумен қамтамасыз етуге үлкен септігін тигізді. 




Яндекс.Метрика