Адами капитал

Қазақстандықтар зейнетақы жүйесінде 7 трлн теңге жинақтаған

Қазақстанда зейнетақы жинақтауларының жалпы сомасы 7 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ.
Казахстан27 Маусым , 13:39

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтауларының жалпы сомасы 6,99 трлн теңгені құрады және жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда 309,6 млрд теңгеге (немесе 4,6%-ға) ұлғайған. Осы ретте 2 маусымда қазақстандықтардың зейнетақы активтері 7 трлн теңгеден асқан. 

2017 жылғы 5 ай ішіндегі зейнетақы жарналарының сомасы 300,6 млрд теңгені құраған. 2017 жылғы 5 ай ішіндегі міндетті зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің орташа айлық мөлшері 57 млрд теңгеден асты.

2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 106,03 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштерден 24%-ға (85,5 млрд теңге) асқан. Осы ретте, жүргізілген зейнетақы төлемдерінің 73,8%-ын (немесе 78,3 млрд теңгені) – зейнеткерлік жасқа жету бойынша төлемдер, 1,5%-ын (1,6 млрд теңгені) –1, 2-топ мүгедектігін алған адамдарға төленген мерзімсіз төлемдер; 6,9%-ын (7,3 млрд теңгені) – ҚР-дан тыс ТТЖ көшуге байланысты төлемдер, 8%-ын (8,4 млрд теңгені) – басқа да біржолғы төлемдер (мұрагерлерге және жерлеуге), 9,8%-ын (10,4 млрд теңгені) зейнетақы жинақтауларының сақтандыру ұйымдарына аударымдары құрайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері салымшылардың шотына бөлінген таза инвестициялық кіріс 114,4 млрд теңгені құрады.




Яндекс.Метрика