Үкімет

Қытай мен Еуропа бағыттарына контейнерлік тасымал көлемі 2016 жылы 2 есе өсімді қамтамасыз етті

ҚХР-ЕО-ҚХР бағыттарына 2016 жылы контейнерлік тасымал көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 105 мың ЖФЭ-ні құрады.Бұл туралы Үкімет отырысы барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек атап өтті.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 11:54

«Бүгінгі күннің өзінде Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы тасымалданатын жүктер 12-15 күн шамасында жеткізіледі. Ал Оңтүстік теңіз жолымен жеткізу мерзімі 45-60 күнді, Солтүстік теңіз жолымен – 33-35 күнді құраса, Транссібір торабы арқылы 18-20 күнді құрайды», - деді министр.

Министр айтқандай,  ҚХР-ЕО-ҚХР бағыттарына 2016 жылы контейнерлік тасымал көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 105 мың ЖФЭ-ні құрады.

«2017 жылдың 5 айында аталмыш бағыттарға жасалған тасымал 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге артып (32,5 мың ЖФЭ-ге), 59 мың ЖФЭ-ні құрады. 2017 жылдың 5 айында ҚХР-ЕО-ҚХР бағыттарына жүретін контейнерлік пойыздардың саны 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артып, 681 бірлікті құрады», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жалпы, 2016 жылы Қазақстан аумағынан 245 мың транзиттік контейнер тасымалданды. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 35,3 мың контейнерге артық (немесе 14%. 2015 жылы – 209,5 мың контейнер).

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика