Үкімет

Қазақстанға қай елден туристер көптеп келеді?

2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі индексіне сәйкес, Қазақстан 136 елдің арасында 81 орында тұр. Салыстыратын болсақ, 2015 жылы еліміз 85 орында, 2013 жылы - 88, ал 2011 жылы 139 мемлекеттің ішінде 93 позицияда тұрған еді. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 11:41

«Еліміздегі туризм саласының көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, 2016 жылы ішкі саяхатта болғандар 9,6 млн адамды құрады, сондай-ақ мемлекетімізге сапарлаған шетелдіктер 6,5 млн адамға жетті. Статистикаға сүйенсек, шетелдіктердің 90 % Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан секілді ТМД елдерінен келгендер. Қалған 10 % Қытай, Түркия мен Иран және өзге мемлекеттердің азаматтары», - деп хабарлады А.Мұхамедиұлы.

Министр атап өткендей, осы ретте Қазақстан арқылы Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан Ресейге жол жүретін еңбек  мигранттарына байланысты мәселелер туындауда.

«Қазіргі кезде ҚР ҰЭМ Статистика комитетімен, «Маккензи» мен «Реформатикс» компанияларымен, сонымен қатар ЮНВТО және Дүниежүзілік банк сарапшыларымен бірлесе туристерді тіркеудің әдістемесін өзгерту бойынша жұмыстарды жүргізудеміз»,-деді А. Мұхамедиұлы.

Статистикаға сәйкес, қазақстандықтардың 92% ТМД елдеріне, атап айтар болсақ Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстанға, қалған 8% -  Қытай, Түркия, еуропалық мемлекеттер мен өзге елдерге барады.

«Қазақстан бай туристік-рекреациялық әлеуетке ие бола тұра, туризмнің басымдықты түрлері үшін жеткіліксіз даму деңгейі байқалуда. Жаңадан енгізілетін түрлері «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін болады. Біздің ойымызша, Қазақстанның туристік қызметтерін өткізудің әлеуетті нарығына Ресей, Қытай, Түркия, Иран, Үндістан, Парсы шығанағы елдері және дамыған елдердің біршама үлесі қамтылуы мүмкін»,- деді ведомство басшысы.

2017 жылы Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі индексіне сәйкес, Қазақстан 136 елдің арасында 81 орында тұр. Салыстыратын болсақ, 2015 жылы еліміз 85 орында, 2013 жылы - 88, ал 2011 жылы 139 мемлекеттің ішінде 93 позицияда тұрған еді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика