Экономика

2017 жылдың 5 айында елдегі экономикалық өсім 4,1%-ды құрады – ҰЭМ

2017 жылы экономикалық белсенділіктің және экономиканың нақты салалары көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады, деді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов халыққа есеп беру барысында.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 16:17

«Ағымдағы жылы сыртқы ахуалдың жақсаруы есебінен экономикалық белсенділіктің және экономиканың нақты салалары көрсеткіштерінің жақсаруы байқалады. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2017 жылғы 5 айдағы елдегі экономикалық өсім 4,1%-ды құрады, ал өткен жылғы ұқсас мерзімде 0,2%-ға төмендеу байқалған еді», - деді министр.

Ұлттық қордың кепілдендірілген трансферттерінің көлемі үш жыл ішінде 880 млрд.теңгеге, 2020 жылдан бастап 2 трлн.теңгеге қысқартылатын болады.

Ол осы есептен 2018-2020 жылдарға республикалық бюджет жобасын құру аясында а.ж. тамызда Министрлік Ұлттық қордың бюджеттік параметрлерін анықтайтынын және ортамерзімдік кезеңге болжам жасалатынын атап өтті.

Сүлейменовтің айтуына қарағанда, Ұлттық экономика министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесіп, бюджеттік процессингті оңайлату және мемлекеттік органдардың дербестігін кеңейту жолымен мемлекет қаржысының экономикаға өткізілуін жеделдетуге мүмкіндік беретін Бюджет кодексіне түзетулер әзірледі.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың өкілдері, бизнес-қоғамдастық, ҚР «Атамекен» ҰКП, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың белсенді қатысуымен жаңа Салық кодексі жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың аясында мәтіннің өзін талқылау жүруде. Жаңа Салық кодексінің жобасы, Тұжырымдамасы және таныстырылым материалы Ұлттық экономика министрлігінің сайтында орналастырылған», - деді министр. 

Ол «жаңа Салық кодексі қолданыстағыдан мүлде өзге құрылымымен, жаңа идеологиясымен ерекшеленетіндігін, ал оның мазмұны жеңіл болатындығын» атап көрсетті.

Жекешелендіру бағдарламасы туралы айта келіп, Сүлейменов, 8-ден кем емес ұлттық компания IPO/SPO-ға шығарылатынын хабарлады. Бұлар «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстантеміржолы» ҰК» АҚ, «ТауКенСамұрық» ҰК» АҚ.

«Аталған компанияларды шығарудың басым алаңы ретінде Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы (AFS) қарастырылуда. Сатылымның басталуы 2018 жылдан бастап жоспарлануда, бұл дайындық жұмыстарын, холдингтерді оңтайландыру мен трансформациялау шараларын жүргізу қажеттігімен байланысты», деді министр.

Министр Министрліктің стратегиялық жұмысының бір бағыты көпжақты сауда жүйесі аясындағы экономикалық интеграцияны тереңдету мен ынтымақтастық болып табылатындығын атап өтті.

«ЕуразЭО жаңа Кедендік кодексі қабылданды, ол әкімшілік бөгеттерді азайтуға, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды енгізуге, кедендік тазалау жүргізуді жеделдетуге бағытталған. Біз оның 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетіндігін жоспарлаудамыз. Біздің кәсіпкерлеріміз оған жақсы баға береді деген ойдамын», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, тығыз экономикалық интеграция Қазақстанның Одақтың басқа елдерімен сыртқы сауда айналымының көлемін ұлғайтуға ықпал етті. Мәселен, а.ж. қаңтар-сәуірде Қазақстан мен ЕуразЭО мүше-мемлекеттері арасындағы тауар айналымы 5,1 млрд.АҚШ долларын құрады және өткен жылғы ұқсас мерзіммен салыстырғанда 35,6%-ға ұлғайды. Ресейге экспорт 2,3%-ға (1,4 млрд. долл.), Беларуське – 6,3 есе (34 млн.долл), Арменияға – 7,4 есе (0,2 млн. долл), Қырғызстанға – 31,5%-ға (130,1 млн.долл) өсті.




Яндекс.Метрика