Парламент

Бүгін - Парламент Сенатының сайлау алдындағы тыныштық күні

2017 жылғы 28 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқанысың барысы және дауыс беру күніне дайындық бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Нұр-Сұлтан27 Маусым , 10:36

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы Б.Имашев отырысты аша отырып, 26 маусымда сағат 00.00-де ҚР Парламент Сенатның депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жұмыстары аяқталатынын айтты.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына тіркелген үміткерлердің соңғы тізімі айқындалды. Облыстық, Астана мен Алматы қалалары сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес барлығы 38 үміткер тіркелді.

«Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында таңдаушылардың тізімдері жарияланды. Олардың деректеріне сәйкес, бос округтердің пайда болуына байланысты елімізде 28 маусымда сайлауға қатысатын таңдаушылардың саны- 3293.Таңдаушылардың саны бойынша басым аймақтардың қатарында Алматы (333), Шығыс Қазақстан (318) және Оңтүстік Қазақстан облыстары (312)», - деді Б.Имашев.

Астана мен Алматы қалаларында таңдаушылар саны төмен, тиісінше 25 және 36.

Дауыс беру пункттері «Сайлау учаскесінде, сайлау пунктінде дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес толықтай қамтамасыз етілген.

Халықаралық байқаушылар қысқа мерзімді байқау жұмыстарын кірісті.

Отырыс соңында Б. Имашев сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға қатаң сәйкес жүзеге асырылып отырғандығын атап өтті.

Еске сала кетейік,  осы сайлауда ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындаларын шығара отырып, таңдаушыларды электрондық тіркеу алғаш рет қолданылып отыр, аталмыш жүйе 8 маусымда ҚР ОСК отырысында көрсетілген болатын.

 




Яндекс.Метрика