Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

И.Тасмағамбетов Астана қаласының 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы әңгімеледі

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2013 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды.
Астана қаласы27 Желтоксан , 10:40

«Жыл қорытындысы бойынша елорданың ӨІӨ-нің нақты өсімі 7% деп күтілуде. Қаланың елдің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4% құрайды. Бұл республика бойынша үшінші орын. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 230 млрд теңгеге жетеді. Ал қайта өңдеу өнеркәсібінде 18 пайыздық өсім байқалады. Машина құрылысы көлемінің өсімі негізінде 40 пайыз, металлургияда 46 пайыз алға ілгерілеу бар. Бөлшек сауда көлемі 22 пайызға артып, халыққа қызмет көрсеті үштен бірге артқан. 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД МБ аясында индустрияландырудың өңірік картасы бойынша 87 млрд теңгелік 19 жоба пайдалануға берілді. Осының арқасында 3 мың жұмыс орны ашылса, тағы 30 жоба дайындалуда», - деді Тасмағамбетов.

Сонымен қатар, экономиканың нақты секторында шамамен 18 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Солардың ішінде 12 мыңы шағын және орта кәсіпкерліктің үлесінде. Салық әкісшілігінде де ілгерілеушіліктер бар, 2013 жылы мемлекеттік бюджетке 600 млрд теңге салық түскен.

«Республикалық бюджеттен трансферттердің түсуінің өзгеруі және керісінше қала дамуына салынған жекелеген қаражаттың өсуі байқалады. Соңғы бірнеше жылда жалпы құрылымға салынған жекелеген салымдар көлемі артқан. Атап айтар болсақ 2008 жылы бұл көрсеткіш 25 пайызды құраса, биыл 44 пайызға жетіп отыр. Алайда трансферт пен несиенің көлемі жыл өткен сайын төмендеп, 70 пайыздан 56 пайызға түскен. Биылғы жыл қорытындысы бойынша қаланың өңірлік ішкі өнімі 2,7 трлн теңгені құрап, 2008 жылғыдан 2 есеге артқан. 2008 жылы мемлекеттік бюджетке түскен қаражат 269 млрд теңге болса, биыл ол 600 млрд теңгеге жетті. Елорда атағын алғалы бері қаланың дамуына 4,8 трлн теңге құйылған. Мұның ішінде 40 пайызы немесе 2 трлн теңгесі мемлекетке тиесілі».

Әкімнің айтуынша, 2008 жылы 110 млрд теңгені құраған өнеркәсіптік өндіріс биыл 230 млрд теңгеге жетіп отыр.




Яндекс.Метрика