Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Маңғыстау облысында ЖАО мемлекеттік қызметтің 190 түрін көрсетті

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет реестеріне сәйкес жергілікті атқарушы органдар халыққа мемлекеттік қызметтің 190 түрін көрсетеді.
Маңғыстау27 Маусым , 09:46

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, осы жылдың 5 айында облыс әкімдігімен барлығы – 534 142 қызмет түрлері (24-і мерзімін өткізіп алған),  соның ішінде мемлекеттік органдармен қағаз түрінде – 493 583, мемлекеттік корпорация арқылы  - 32 882, электронды түрде  - 7 677 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілген. Облыстық басқармалармен – 317 456, мерзімін өткізіп – 14 қызмет көрсетілген.

 Сонымен қатар, ҚР заңдылықтарын сақтамаған фактілерді жою мақсатында Агенство төрағасының бұйрығына сәйкес  лауазымды тұлғаларға тәртіптік сипаттағы шаралар алынған (20 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып және 4 шағым бойынша 317 660 теңге мөлшерінде  1 әкімшілік айыппұл салынған).

 2016 жылы облыстық басқармалармен белгіленген мерзімді бұзушылық фактісімен көрсетілген қызмет саны -82, яғни, ауыл шаруашылық басқармасы – 78, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу – 3 және  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы -1. 

Қалалар мен аудандық әкімдіктерінің арасында белгіленген мерзімін сақтамай көрсетілген қызметтің саны бойынша Мұнайлы ауданы – 104, Түпқараған ауданы – 100 және Ақтау қаласының әкімдіктері-80 болып көш бастап тұр.

«Респонденттерді сұрау барысында, 2016 жылы әкімдіктің көрсететін қызметі бойынша қанағаттандырылғандардың  орташа көрсеткіші 4,89 балл болса, ал көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасымен қанағаттандырылғандардың деңгейі 89,3 пайызды құрады», - делінген  хабарламада.

  Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы Ералы Тоғжанов табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу мен  көрсетілетін мемлекеттік қызмет мәселесін басты  назарда ұстауды, сәйкесінше оның сапасын арттыруды тапсырды.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика