Өңірлер

ТҰҚЖБ желісі бойынша 1 мыңнан астам шығысқазақстандық баспаналы болады

Ағымадағы жылы Шығыс-Қазақстан облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 1000-нан аса салымшысы қоныс тойын тойлай алады, деп хабарлады аймақ әкімдігі.
Шығыс Қазақстан27 Маусым , 08:47

Шығыс-Қазақстан   облысында екінші деңгейлі банктер  тұрғын үй сатып алу үшін 10 953 млн. теңге берген болатын, оның көп бөлігін, яғни,  7 491 млн. теңгесін ҚТҚЖБ берді.

«Ағымдағы жылы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі іске асырып жатқан барлық тұрғын үй құрылыс  бағдарламалары аясында, өз үйіне, жекеменшік пәтеріне 1 142  салымшы қол жеткізе алады. «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы бойынша 559 адам, ал, тұрғын үй құрылысының  «Жайлы тұрғын үй» өңірлік бағдарламасы бойынша  - 450 салымшы, банктің «Өз үйім» бағдарламасы бойынша - 133 өңір тұрғындарына өз үйлерінің кілті табысталатын болады», - деді ТҮҚЖБ облыстық филиалы директорының орынбасары Рауан Баяш

Ол түсіндіріп кеткендей, «Нұрлы жол» бағдарламасының  тұрғын үйге қолжетімді бағадан басқа басты ерекшелігі – жылдық 5 % көлеміндегі кредит бойынша жеңілдігі бар сыйақы мөлшерлемесі болып табылады (ЖТСМ 5,6%). Бірақ, тұрғын үй бағасының 30% көлеміндегі сомасын жинақтау немесе депозитке салу сияқты міндетті талаптар да бар.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 360 пәтерге арналған    екі көппәтерлі тұрғын үйлердің  құрылысы жүріп жатыр және 2018 жылы іске асырылады деп жоспарлануда.

Мемлекеттік бағдарлама талабына келмейтін салымшылар үшін Шығыс-Қазақстан облысында  тұрғын үй құрылысының «Жайлы тұрғын үй» өңірлік бағдарламасы   әрекет етеді. Оның басты ерекшелігі – салымшының жекеменшік тұрғын үйі болуына шектеу қойылмайды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өңірлерде «Өз үйім» бағдарламасының жекеменшік бағдарламасын да іске асыра бастады. Өз уақытында оны  тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін, тұрғын үйді одан сайын  қолжетімдірек етуге, халықтың қалың жігінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндігін арттыруға  көмектесетін  банк әзірлеген болатын. Бағдарламада, сондай-ақ, меншігінде үйдің болуы немесе болмауына шектеу жоқ. Бағдарламаның қосымша ерекшелігі   тұрғын үй бағасының  30%-ы депозитінде жинақталған кезде  заем алу мүмкін болып табылады», - деп түсіндірді облыстық филиал директорының орынбасары.

Қазіргі кезде, «Өз үйім» бағдарламасы бойынша  2018 жылы іске асыру жоспарланып отырған жобалар да бар, ол бойынша 876 пәтер банк салымшыларының арасында   арнайы баға және кредит беру талаптары бойынша бөлінеді.

2018 жылы банктің Шығыс-Қазақстандағы  филиалы  1200 пәтерді іске қосуға ниетті. 




Яндекс.Метрика