ҚР ИИДМБ

Қазақстанда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салынады

«GEFCO Kazakhstan» компаниясы қазақстандық компаниялармен медицина және жасыл энергетика саласындағы әлеуметтік маңызы жоғары және өзекті жобалар туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды. Сонымен, Қазақстанда Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық пен қуаттылығы 100 МВт күн электр станциясы салынады
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 20:46

«ВИНСИ Констрюксьон Гран Прожэ» компаниясымен келісімге келу арқасында Астана қаласында, онкологиялық ауруларды емдеуге және зерттеуге арналған медициналық мекемелер саласындағы жобалау және құрылыс жөніндегі соңғы халықаралық  стандарттарға сай келетін Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық (NROC) салынады. NROC қатерлі ісік ауруларын емдеу бойынша Қазақстанды алдыңғы қатарлы елдердің қатарына шығару үшін, ғылыми зерттеулермен қатар, обырды емдеудің ең озық әдістері мен қызметтерін дамытатын болады. Жобаға тапсырыс беруші «Назарбаев Университеті» автономды білім ұйымы. Орталық құрылысының мерзімі – 2,5 жыл. 

«KB Enterprises» ЖШС-мен жасалатын меморандум Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылының маңайында қуаттылығы 100 МВт болатын күн электр станциясын салуды реттейді. Станция Ақмола облысындағы тапшылық бөлігін қамтамасыз етуге арналған, электрқуатының аймақтық өндірушісі болып табылады. 

«Кез келген жұмыс үрдісінде оны жүзеге асыру мерзімін сақтау, сәйкесінше – жабдықтар мен материалдарды жеткізу уақыты аса маңызды және жауапты шаруа болып табылады. GEFCO компаниялар тобы 65 жыл бойы дүние жүзі бойынша серіктестерге логистикалық қызметтерді сәтті көрсетіп келеді. Осы жылдардағы жалпы айналым €4 миллиардты құрады. Жоғары сенімнің дәлелі ретінде бүгін қол  2 қойылған меморандумдар, GEFCO Kazakhstan үшін жақын жылдардағы маңызды стратегиялық жоба болады. Біз Қазақстан үшін маңызды 2017 жылды жасыл энергетика мен медицинаға қатысты жобалардан бастайтынымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті GEFCO Kazakhstan компаниясының Бас директоры Эмиль Ашуралиев.   

Ең ірі Орта Азиялық республика болып табылатын Қазақстанның, бірқатар қалаларды, елді мекендерді және ен даладағы алыс ауылдарды электр қуатымен қамтамасыз етуге арналған үлкен қажеттілікке шартталған күн энергетикасын дамытуға мүмкіндігі орасан зор және барлық қолайлы жағдайлары бар. 

Бұл жоба Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына қосылған, энерготұтыныудың жалпы көлеміндегі баламалы көздерді қолдану үлесін 2020 жылға қарай 3%-дан асыруды қарастыратын, энергетика саласындағы стратегиялық мақсаттармен үйлеседі.




Яндекс.Метрика