Халықаралық интеграция

Қазақстанда ЖІӨ қатынасында туризм үлесін 8 пайызға жеткізу жоспарланған

2025 жылға қарай Қазақстан ЖІӨ қатынасында туризм үлесін 8 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Бірінші вице-премьер Асқар Мәмин «Туризм мен болашақтың энергиясы: СО2 қалдықтарын қысқарту» халықаралық конференциясы барысында айтты.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 19:11

«Қазақстанның  бай  тарихы мен табиғаты  ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұрасына кіреді.  Біздің табиғат пен ресурстарымыз өте бай.  Ұлы Жібек жолы бойынша маңызды инфрақұрылым жүйесі  құрылды,ол туристердің санын арттыру үшін жұмыс істейді.  2025 жылға қарай Қазақстан  ЖІӨ қатынасында туризм үлесін  8 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда бұл үлес 1 пайызды құрап отыр», - деді А.Мәмин.

Бірінші вице-премьер айтып өткендей, «Туризм мен  болашақтың энергиясы: СО2 қалдықтарын қысқарту»   конференциясының маңызы зор.

«Аталмыш конференция құрылымдық пікірталастың платформасына айналуы керек. Туристік салада  инновациялық шешім табу үшін  өте маңызды. Қазақстан  БҰҰ дүниежүізілік  туристік ұйымымен ынтымақтастықты жалғастыруға әзір. Себебі, Қазақстанға алдыңғы қатарлы туристік  индустрияда оның қолдауы мен тәжірибесі өте қажет», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика