Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Мүлік пен ақшаны заңдастыруды жеңілдету

Ұлт жоспарының 41 қадамын жүзеге асыру аясында Қазақстанда мүлік пен ақшаны заңдастыру тәртіптері жеңілдетілді, оның мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылған болатын.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 17:39

Бұл шешімді мемлекет белгілі бір себептермен қабылдады, біріншіден, заң айналымына  жеке тұлғалардың  мүлкін енгізу мүмкіндігі пайда болды, екіншіден, Қазақстан экономикасы заңдастырылған мүлікті ақшалай кіріс ретінде жұмыс істете бастады.

Айта кетейік, 2014 жылдың  30 маусымында Елбасы  «ҚР азаматтарының ақшаларын заңдастыруға орай рақымшылық беру  туралы»  заңға қол қойды, ол  2014 жылдың  1 қыркүйегінен бастап өз күшіне енді.

Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай,  мүлікті заңдастыру негізінде мемлекеттің мүлікке деген  құқығы мойындалады.

Оның басты мақсаты, экономикаға заңдастырылған капитал ретінде қаржы тарту.  Акция  мүліктерді заңды айналымға шығаруға мүмкіндік береді. Жүзеге асырылған заң ҚР аймағынан тыс жерде де мүлікті заңдастыруға мүмкіндік  берді.

Қазақстан аймағындағы  мүлікті заңдастыру үшін мемлекеттік кірістер органына  декларация мен сәйкес құжаттарды енгізу керек.  Бұл шетелдегі мүлікті заңдастыруға да қатысты,  осы орайда мүліктің  10 пайыздық  жинағын өтеу керек.

Айта кетейік, үш жыл бұрын «Заңдастыру 2014» барлық азаматтарға заңды түрде ақша мен мүлікті заңдастыруға мүмкіндік берді.

Заңдастыруға  сот түрінде рұқсат етілмеген немесе заң түрінде жүзеге асырылмайтын мүліктер жіберілмейді. Несие ретінде алған ақша мен мемлекетке тапсырылу мақсатында алған мүліктер мен жылжымайтын мүлік кірмейді.




Яндекс.Метрика