Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Судья: Сотқа жіберілетін істердің саны артуда (ВИДЕО)

Биылғы жылдың 5 айында Сарыарқа ауданының сотында 3 мыңнан астам дау бір пәтуаға келді. Бұл туралы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Жанар Дүйсенова Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 18:14

«Бүгінгі таңда азаматтардың сотқа деген сенімі артып келеді. Бұл туралы сандар сөйлейді.  Мәселен, Астананың Сарыарқа аудандық сотына  2017 жылдың  5 айында  5  мың іс келіп түскен. Оның  4 мыңы қаралып, 3 мыңнан астам сот шешімі шығарылды. Сарыарқа ауданының сотында  3 мыңнан астам  дау пәтуаға келді.  Ай, жыл санап  азаматтардың сотқа деген сенімі артып келеді. Азаматтардың сенімі соттың тиімді әрі әділ жұмыс істеп жатқандығының көрсеткіші», - деді Ж.Дүйсенова.

 Ж.Дүйсенова айтып өткендей, жыл санап сотқа түсетін арыздар саны артып келеді.

« Сотқа түсетін істер мен арыздар саны жыл санап артып келеді. Бұл қарқынды дамып жатқан құқықтық қатынастың белгісі. Азаматтар өте сауатты, олар өз құқығын қорғай алады», - деді спикер.

Сондай-ақ, судья  қазір  медиацияны  енгізу жобасы белсенді жүзеге асып жатыр.

«Мемлекет басшысы дауларды шешудің баламалы әдістерін  енгізуді тапсырған болатын. Аталмыш жағдайда  медиацияны енгізу жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Медиация дауды үшінші қатысы жоқ тұлғаның- медиатордың қатысуымен шешуді қарастырады. Оның қандай артықшылығы бар? Біріншіден, тараптар өздерінің уақытын үнемдейді. Бұл медиациялық келісімді орнату арқылы дауды шешуді қарастырады», - деді ол.

Ақбота Күзекбай

 

 

 

 





Яндекс.Метрика