Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Сот жүйесіндегі ақпараттық жаңалықтар – табысты құқықтық мемлекет кепілі (ВИДЕО)

Бес институционалдық реформаның «100 нақты қадамын» орындау аясында сот жүйесінің алдына Заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша қандай міндет қойылды? Жалпы заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін елімізде не жасалды және әлі не жасау керек? Осы және басқа да сұрақтарға Strategy2050.kz АА тілшісіне берген айрықша сұхбатында Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының судьясы Жанар Дүйсенова жауап берді.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 17:18

Бірінші кезекте, Жанар Дүйсенова қазіргі уақытта Астанада ғана емес, Қазақстанның барлық қалаларында барлық сот залдары аудио және бейнебақылау жүйесімен белсенді түрде және толық жарақтандырылғанын атап өтті.

«Қазіргі заманда құқықтық мемлекет үшін сот төрелігі сияқты құрылым өте маңызды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы сот төрелігі үнемі даму үстінде. Сот төрелігі – уақыт ағымына, қоғам талабына байланысты өзгеріп келе жатқан жүйе. Бірінші кезекте бұл халық талабы. Бес институционалдық реформаның «100 нақты қадамын» орындау аясында сот жүйесінің алдына Заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша міндет қойылғаны белгілі. Заң үстемдігін қамтамасыз ету – сот жүйесі мен соттарға толық жүз пайыз сену, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды, жеке тұлғалардың мүдделерін толық сақтау деген сөз. Сот жүйесінің осы тапсырманы орындауы аясында бүгінде орасан зор жұмыс жүргізілді, оның табыстары мен жетістіктерін атап өткен жөн. Бұл сот залдарын аудио және бейнебақылау жүйесімен 100% жарақтандыру. Бүгінгі таңда Қазақстанда заманауи аудио және бейне бақылау жүйесімен жарақтандырылмаған бірде-бір сот отырысы залы жоқ. Бұл нені білдіреді және халық пен сот жүйесі үшін қандай артықшылықтар береді? Бірінші кезекте бұл азаматтардың, заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау. Яғни әрбір сот отырысы аудио және бейне тасығышта тіркеле отырып жүргізіледі. Кейіннен диск азаматтық іс материалдарына қосылады және сот отырысы тарабы немесе мүдделі тұлғалар онымен танысу, сот актілеріне одан әрі шағымдану үшін материал деректерінің көшірмелерін алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл сот отырысының хаттамасын қағаз жүзінде жүргізуге және сот отырысы хатшысының сот отырысының қандай да бір сәттерін тіркемеу мүмкіндігіне жол бермейді», - деп түсіндірді  Жанар Дүйсенова.           

Бүгінгі таңда электрондық сот ісін жүргізу жобасының енгізілуі сот жүйесінің үлкен жетістігі болып табылады.

«Бұдан бөлек, электрондық сот ісін жүргізуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Қазіргі заманда заманауи гаджетсіз, компьютерсіз немесе басқа да ақпараттық тасығышсыз бірде-бір адамды елестету мүмкін емес. Қазақстан аумағында сәтті жұмыс істеп келе жатқан «Сот комитеті» сервисінің енгізілуі азаматтарға сотқа келмей-ақ жүгінуге мүмкіндік береді. Яғни, интернет арқылы сотқа өтініштер, өтінішхаттар, талап арыздар жіберуге де болады. Бұл өтінішхаттар сот кеңсесіне түсіп, тіркеледі және судьяларға немесе кеңсенің жауапты қызметкерлеріне қайта жіберіледі. Осы «Сот комитеті» сервисі Қазақстанда тегін болып табылады, электрондық цифрлық қолтаңбасы, интернетке қолжетімділігі бар кез келген адам тіркеуден өтіп, өз логинін, паролін ала алады және осы сервисті тегін пайдалана алады. Бұл уақытты, материалдық ресурстарды едәуір үнемдеу, себебі адам жолға уақыт кетірмейді, басып шығаруға, қағазға және т.б. ақша жұмсамайды», - деді ол.

Бұдан бөлек, Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотында сот бұйрықтары, бұйрық өндірісі бойынша электрондық сот ісін жүргізуді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылған, бұл да құжаттарды қағаз жүзінде басып шығару қажеттігін толық алып тастауға мүмкіндік береді.

«Судья электрондық форматта сот бұйрығын енгізу туралы өтінішті қарайды, сот актісін шығарады, оны базаға енгізеді, электрондық цифрлық қолтаңба қояды және кейіннен осы сот бұйрығы электрондық форматта орындалуы тиіс болады. Бұл – сот жүйесінде ақпараттық дамудың ақпараттық жаңалықтарын енгізу. 2016 жылы ресми мемлекеттік орган ретіндегі Жоғарғы соттың сайты ҚР аумағында үздік сайт болып танылғанын айта кеткен жөн, азаматтар осы сайтты белсенді пайдаланады, себебі Жоғарғы соттың сот актілерінің қоры бар, азамат онда сот актілерімен танысып, судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған сот актісін басып шығара алады, ол қағаз тасығыштағы қолтаңбамен тең. Сондай-ақ, сайтта күн сайын қарастырылған істер, сот жүйесінің жұмысы бойынша баспасөз хабарламалары жарияланады. Сот кабинетін пайдаланушылар саны өсіп келеді және біз барлық азаматтарды осы әзірленген, өз нәтижелерін көрсеткен, қолайлы сервисті пайдалануға шақырамыз», - деп қосты спикер.

2016 жылы сот жүйесі бес буынды жүйеден үш буынды жүйеге көшті. Қазір істер үш мекемеде қаралады. Біріншісі – аудандық соттар; екіншісі – облыстық соттар базасына негізделетін апелляциялық мекеме; үшіншісі – кассациялық мекеме – ҚР Жоғарғы соты.

Ж. Дүйсенова сондай-ақ бұл жүйенің неліктен енгізілгенін түсіндіріп өтті.

«Бұл жүйе істерді қарау кезінде қандай да бір қағазбастылыққа жол бермейтіндіктен, істерді қарау мерзімі едәуір қысқарады, яғни азамат немесе заңды тұлға анағұрлым қысқа мерзім ішінде даудың шешілуіне қол жеткізіп, сот актісін ала алады", - деді ол.

Бұл уақыт талабы. Әрине, сот жүйесі мемлекеттік жүйенің бір бөлігі ретінде бөлек бола алмайды және сот жүйесінде сәтті іске асырылады.

«100 нақты қадамды» іске асыру жоспарын орындау аясында Жоғарғы сот та, жергілікті соттар да ауқымды жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда азаматтық істерді электрондық форматта қарау жобасы енгізілмек. Сот отырысының барлық залдары судьяның да, сот отырысы тараптарының да автоматты жұмыс орындарымен жабдықталатын болады. Бұл нені білдіреді? Әрбір судьяның үстелінде монитор орнатылып, ондағы жүйеге барлық азаматтық істер қоса берілген құжаттармен бірге алдын ала енгізілетін болады», - деп түсіндірді Ж. Дүйсенова.

Ақбота Күзекбай

Видео Арман Мұхатов





Яндекс.Метрика