Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Судья болып жұмыс істеу үшін жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз - Ж. Дүйсенова (ВИДЕО)

Судья лауазымына үміткерлерді іріктеу үшін талаптарды қаншалықты күшейту керектігі туралы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы Жанар Дүйсенова Strategy2050.kz АА тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 17:51

Жанар Дүйсенова атап өткендей, сот төрағасы болып жұмыс істеу үшін бүгінде жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз. 

«Ал, оларды іріктеу бойынша тәртіпті қатайтуға келетін болсақ, мен жас сот төрайымы ретінде оның барлық іріктеу кезеңдерінен өттім.  Себебі менің еңбек өтілім 1 жыл 2 ай.  Біздің заңнамада сот төрағасы болып жұмыс істегісі келетіндерге талапты күшейтті. Осы ретте, сот жүйесі алдында қойылған міндеттер үлкен серпіліс берді. Бүгінде сот төрағасы болып қызмет ету үшін жоғары заңгерлік білім жеткіліксіз. Нақты талаптар бар: сот отырысының хатшысы немесе прокурор ретінде  5 жылдық еңбек өтілі болуы шарт. Ал, сот қызметіне еш қатысы болмаған тұлға бұл лауазымға ешқандай үміт арта алмайды. ҚР Жоғарғы сотының жанындағы Әділет академиясы түлектеріне үлкен басымдылық берілген. Олар Академияға оқуға түскеннен кейін жұмысын сот саласында жалғастыра береді және байқауларға қатысады», - деді Ж. Дүйсенова.

Сонымен қатар, соттың аса өнегелі адам болуы шарт. Сот төрайымының айтуынша, аталмыш жағдайда оның отбасылық жағдайы, оның әділеттікті орнату бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуға лайықты болуы тексеріледі.

Бұдан басқа, жас сот төрайымы қызмет барысында қандай қиындықтармен бетпе-бет келетіні туралы айтып берді.

«Сот қызметі аса жауапты. Жасыратыны жоқ, қиындықтар туындап жатады. Азаматтық істерді алмағанда кей жағдайларда қалай әрекет етуді білмей дал боласын. Әрі жаңадан тағайындалған сотқа тәлімгер бекітіледі, олардың кем дегенде сот қызметі саласында бес жылдық еңбек өтілімі болады. Ол жаңадан қызметіне кіріскен жас маманға жұмысты ұйымдастыруға және басымдықтарды анықтауға көмектеседі», - деп атап өтті ол. 

«Байқауға қатысу үшін немесе пленарлы отырыста оң баға алу үшін тәжірибеден өту керек. Тәжірибені аудандық соттарда бір жыл бойы өтесін. Бұл тәжірибе ақылы.  Бұл өте жақсы тәжірибе, ол жас маманға осы салада қызмет еткісі келетінін түсінуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды спикер.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика