Білім беру

Балқашта дарынды балаларға арналған мектеп ашылады

Балқашта инклюзивтік білім беру бағдарламасы аясында психолого-медико-педагогикалық консультация мен дарынды балаларға арналған мектеп ашу жоспарланған, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды26 Маусым , 16:17

Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі  1000-ға жуық бала  Балқаштан инклюзивтік білім алу үшін Балқашқа  келеді. Биыл  Білім басқармасы  психолого-медико-педагогикалық консультация  ашады.

«Дарынды балаларға арналған мектеп тек облыс орталығында ғана бар. Өзге аудандарда да  ашу керек. Балқаштан Қарағандыға  білім алу үшін  келетін балалар көп. Қазір қалада  физика-математика  бағытында  мектеп ашу мүмкіндігі тұр.  Онда Ақтоғай мен Приозерсктен келген балалар білім ала алады.  Қазір бұл мәселе қаралып жатыр», - деді Білім басқармасының  жетекшісі Асхат Аймағамбетов.

 

 




Яндекс.Метрика