EXPO-2017

Израиль павильоны «Баламалы энергетика» атты дизайнерлік жұмыстар байқауын өткізуде

Израиль павильоны «Баламалы энергетика» атты дизайнерлік жұмыстар байқауын өткізіп жатыр, деп хабарлады көрменің медиа-орталығы.
Нұр-Сұлтан26 Маусым , 15:39

22-26 маусым аралығындағы кезеңде ЭКСПО-2017 көрмесінің израильдық павильонында «Тильтан» дизайн және визуалды коммуникациялар колледжінің (Израиль) және Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері интерактивті семинарға қатысты.

Олардың бірлескен жұмысының мақсаты – баламалы энергия түрлері саласында дизайнерлік шешімдер іздеу және оларды визуалдандыру. Семинарға Израильден 20 студент және Қазақстаннан 11 студент қатысты. Семинар қорытындылары бойынша жас дизайнерлер өз жобаларымен таныстыратын болады.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында «Тильтан» колледжінің ректоры Эрез Исахаров, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Зинидин Исниязов, белгілі қазақстандық суретшілер Асхат Ахмедьяров пен Серік Бүксіков, сәулетші-дизайнер Сергей Тюрин бар.

«Біздің студенттеріміздің жұмыстарының көрмесі Миландағы ЭКСПО көрмесінде үлкен жетістікке ие болды және осыған байланысты, біздің колледж Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің жұмысына қатысуға шақыруды қуана қабылдады. Семинардың негізгі идеясы – дизайн мен визуалды коммуникациялар әлемінде инновациялар алмасу үшін ашық болу және баламалы энергетика тақырыбын ілгерілетуге қатысу», − деп атап өтті колледж ректоры Эрез Исахаров.




Яндекс.Метрика