Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Шығыс Қазақстан облысында DAEWOO автобустары мен жүк көліктерінің жаңа моделі шығарыла бастады

DAEWOO автобустары мен жүк көліктерінің жаңа моделін Семей қаласындағы «СемАЗ» ЖШС шығара бастады, деп хабарлайды ШҚО-ның ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан27 Желтоксан , 10:25

«Зауыттың жұмысымен танысып қайтқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев табиғи газбен жүретін экологиялық автобустар мен ірі жүк көліктері өндірісінің іске қосылуы республикалық деңгейде айтулы оқиға екеннін мәлімдеді», - делінген хабарлмада.

«Зауыт отандық жинақтағы автотехникалардың түрін арттырды. SHAСMAN машинасы – жүкті өзі аударатын машина. DAEWOO жаңа автобустары  пнеаматикалық және рессорлы жүрістегі 12 метрлік автокөліктер», - деді «СемАЗ» ЖШС Бас директоры Асемқан Досқожанов.

Жоспар бойынша, жылына 1500 жүк көлігі шығарылмақ. Олардың жүк көтеру қабілеті 25 тоннаға дейін жетеді. Шассиды несім технологиясы бойынша Қытайда дайындалған құрылғылармен дайындайды. Ал көлік шанағы зауыттың өзінде шығарылады.

Айта кету керек, Орта Азия көлемінде бұл өндіріс орны Семейде ғана бар. Алдағы уақытта зауыт өнімі барлық Қазақстан мен кейін ТМД елдерінің нарығын жауламақ.




Яндекс.Метрика