Парламент

Қ.Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Сыртқы істер және сыртқы экономикалық байланыстар министрі Питер Сийяртомен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 26 Маусым, 15:18

Қ.Тоқаев Мажарстанның «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысқаны үшін ризашылығын жеткізді және «жасыл технологиялар» саласында елдің тәжірибесі көрменің табысты өтуіне маңызды үлес қосатынына сенім білдірді.

Сенат спикері екі мемлекеттің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті және алдағы уақытта да парламентаралық байланыстарды кеңейте түсуге үндеді. Кездесу барысында сауда-экономикалық және гуманитарлық байланыстарды дамыту жайы, сондай-ақ, халықаралық күн тәртіптегі өзекті мәселелер талқыланды. Сол күні, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады.

Спикер ұлттық спорт пен жастар аумағындағы ынтымақтастыққа арналған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің алтыншы саммитіне дайындық туралы хабардар болды. Жуырда өтетін Түркі тілдес елдер басшыларының кездесуі бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге серпін беретініне тараптар сенім білдірді.

Қ.Тоқаев Р. Гасановқа Түркі кеңесінің Бас хатшысы ретінде белсенді жұмыс атқарғаны үшін алғысын білдірді. Кеңестің келесі Бас хатшысы етіп қазақстандық өкілді сайлау жоспарланған.

 

 

 





Яндекс.Метрика